00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада емленің өзекті мәселелері талқыланды

16.11.2023 | 05:55
29
Фото: дереккөз

Астанада  «Қазіргі қазақ жазуы: талқы және ұсыныс» атты республикалық семинар-кеңес өтті, деп хабарлады Elorda.info

Ғылым және білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Тілешов кіріспе сөзінде семинар-кеңестің басты мақсаты қазақ жазуының қазіргі жай-күйін талдау, сонымен қатар түрлі әлеуметтік факторлардың қазақ жазуына ықпалын психолингвистикалық аспекті тұрғысынан зерделеу екенін атап көрсетті.   

Іс-шараға жоғары оқу орындарының лингвист-ғалымдары, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының өкілдері қатысты.

Семинар-кеңесте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Т.Аяпова жазудың психолингвистикалық аспектілері туралы баяндама жасады.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы С.Иманбердиева шеттілдік топонимдер мен антропонимдердің емлесі туралы сөйледі.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша республиканың ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының ғалымдары халықтың линвистикалық құзыреттілігін дамыту қажет деген тұжырымға келді.

Барлық жаңалықтар