00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада Алаш Орда қайраткерлерінің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

31.05.2023 | 18:16
45
Фото: дереккөз

Бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні елордада Жазушылар аллеясында Алаш Орда көшбасшыларының «Үш арыс» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Гүл шоқтарын қою рәсіміне елорда әкімдігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, қуғын-сүргінге ұшырағандар мен ашаршылық құрбандарының ұрпақтары, сол сияқты үкіметтік емес ұйымдар, қала жастары мен оқушылар қатысты.

Тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсеметов өз сөзінде қазақстандықтар өткен ғасырдың 20-30 жылдарында ашаршылықтан қаза тапқандарды, ұжымдастыру жылдарында және одан кейінгі кезеңдерде жазықсыз сотталғандарды, сондай-ақ Қазақстан аумағында қаза тапқан депортацияланған халықтар мен әскери тұтқындарды ерекше құрметпен еске алатынын атап өтті.

др1.jpeg

Ол 2020 жылы Президенттің саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлығы шыққанын еске салды. Алайда, тарихшының айтуынша, құрбан болғандардың бәрі әлі күнге дейін толық ақталып шыққан жоқ.

Көптеген құжаттың құпиясы енді ғана ашылып жатыр. Миллиондаған іс әлі зерттелмеген. Әскери тұтқындардың ұрпақтары Қазақстанға келіп, ата-бабаларының қабірлерін іздеп, тауып жатыр, - деп атап өтті Марат Әбсеметов.

др3.jpeg

Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев өз сөзінде Алаш Орда қайраткерлерінің Қазақстанның қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесін атап өтті.

Бүгін саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күні біз еліміздің қалыптасуына баға жетпес үлес қосқан алашордалықтарды еске алып отырмыз. Саяси қуғын-сүргін жылдарында қазақ халқының қаймағы болған қайраткерлеріміз зардап шекті. Олардың туыстары мен достары қатыгездікпен қудаланды. Ашаршылықтың экономикалық және демографиялық әсерінің ауырлығы туралы ойлаудың өзі қиын. Біздің міндетіміз - осы қанды жылдардағы оқиғаларды мәңгі есте сақтау және саяси жүйенің жазықсыз құрбаны болған Алаш Орданың асыл ұлдарының игі істерін еске алу, - деді Ерлан Жаулыбаев.

др4.jpeg

31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі – жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жазықсыз жандарды және миллиондаған адамның өліміне әкеп соққан ашаршылықты еске алу күні.

1997 жылдан бастап Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні жыл сайын аталып келеді.

Барлық жаңалықтар