00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада 100 мың бөтелке заңсыз алкоголь өнімі тәркіленді

06.12.2023 | 07:30
40
Фото: дереккөзден

Елордада жыл басынан бері 105 мың бөтелке заңсыз алкоголь өнімдері анықталды, деп хабарлады Elorda.info Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Биыл 11 айда жүргізілген рейдтер барысында 78 247 350 теңгенің заңсыз алкогольдік өнімдері анықталған. 

Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғаларға жалпы сомасы 3 708 932 теңге көлемінде айыппұл салынды. Тексеру материалдары сотқа жолданып, сот шешімімен акцизделетін тауарлар тәркіленді, - деді Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

Барлық жаңалықтар