00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елорда жастары үшін қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

28.04.2023 | 13:00
37
Фото: azattyq-ruhy.kz

Астана қаласы әкімдігінің «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ «Астана жастары» ЖРО» КММ, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп ЕҰУ аумағында жұмыс іздеп жүрген түлғалар, елордалық ЖОО түлектері және елорда жастары үшін қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараның негізгі мақсаты - жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. 

2022 жыл басынан қазіргі уақытқа дейін «Астана жастары» ЖРО» КММ бес бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізген болатын, оған елорданың 221-ден астам жұмыс беруші, 3400-ден астам жас пен студенттер қатысты және 2250-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды, оның барысында 260-қа жуық адам жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысуға 20-дан астам ірі жұмыс беруші өтінім берді, оның ішінде Ұлттық музей, GAZ METAL SERVICE, «Электронды қаржы орталығы» АҚ, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Бизнес және даму мектебі, RBK Bank АҚ, «NRG Audit» ЖШС, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Тәп-Тәтті» ЖШС, «Казахтелеком» АҚ, «Астанаэнергосбыт» ЖШС және т.б. 

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі барысында жұмыс берушілер өз компанияларының презентациясын өткізіп, бос вакансияларын ұсынып, өздеріне деген ең қолайлы кандидаттардың базасын қалыптастырады. Жұмыс іздеушілер өз кезегінде компаниялардың HR-менеджерлерімен тілдесіп, сұхбаттасудан өтіп, өзін қызықтырған сұрақтарын қоя алады. 

Барлық жаңалықтар