00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елорда әуежайындағы жөндеу жұмыстарына байланысты ұшу кестелеріне өзгеріс енгізілді

22.05.2023 | 19:30
51
фото: ашық дереккөз

Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Air Astana компаниясы 19 рейстің ұшу кестесін өзгертті, деп хабарлады Elorda.info аталған авиакомпанияға сілтеме жасап.

Астана әуежайының ұшып-қону жолағын жөндеу туралы 2023 жылғы 19 мамырдағы хабарламасына сәйкес, Air Astana аивкомпаниясы 24, 31 мамырға және 7 маусымға (13:20-дан 17:20-ға дейін) жоспарланған рейстер кестесіне өзгеріс енгізуге мәжбүр. Жалпы алғанда, өзгерістер 19 ішкі рейске әсер етеді. Сондай-ақ 2023 жылғы 15 шілде мен 8 тамыз аралығында Астана әуежайында жоспарлы жөндеу жұмыстары болатыны туралы естеріңізге саламыз, - деп жазылған хабарламада.

Рейстер мәртебесін https://airastana.com/kaz/kk-kz (Ақпарат/Әуежайда/Рейс-статусы) сайтында көруге болады. Ал билетті қайтару және қайта брондау мәселелері бойынша https://help.airastana.com хабарласу сұралады.

 

Барлық жаңалықтар