00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елорда әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушыларға ескерту жасады

05.04.2023 | 10:50
35
фото: ашық дереккөз

Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға Т1 терминалының алдынан өтетін жол кезең-кезеңімен жабылатынын ескертті, деп хабарлады Elorda.info.

Былтыр күзде жаңбыр жауғанда елордалық әуежайдың жақында ғана жөнделген терминалының шатырынан су өткен болатын.

Осыған байланысты биыл мердігер «Mabco Constructions SA» құрылыс компаниясы өз міндеттемесін орындап, Астана халықаралық әуежайының ғимаратында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жөндеу жұмыстарына байланысты 1 сәуір мен 1 маусым аралығында Т1 терминалының алдынан өтетін жол кезең-кезеңімен жабылатын болады. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз,- деп ескертеді әуе айлағының әкімшілігі.

Барлық жаңалықтар