00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елорда әкімі Нұра ауданының тұрғындарымен кездесті

17.11.2023 | 08:44
39
Фото: Ж.Қасымбектің Instagram парақшасынан

Астанада осы оқу жылында 11 мектеп ашылады, деп хабарлады Elorda.info

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек аудан және елді мекен тұрғындарымен кездесіп тұрады.

Бүгінгі кездесуде тұрғындар әлеуметтік нысандар, жолдар, кәріз желісін, нөсер кәрізін, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер салу, жарықтандыру, жаңа маршруттарды іске қосу, тығыз салынған құрылыстар және т.б. мәселелерді көтерді.

403740032_266417212653829_552133550495429244_n.jpg

Мәселен, бірқатар орында көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы тоқтатылды. Тұрғын үй кешенінің орнына әлеуметтік нысандар салынады. Олар – мектептер, медициналық орталықтар, қоғамдық кеңістіктер (алаңдар) және т.б.

Айтматов-Сығанақ көшесінің қиылысындағы учаске ерекше мысал болып саналады. Осыған дейін бұл орында 12 қабатты көпфункционалды кешен жоспарланған. Қазір мұнда саябақ абаттандырылып, көпжылдық өсімдіктер мен ағаштар отырғызылды. Бұл орын маңайдағы тұрғын үй кешендерінің мыңдаған тұрғыны үшін тартымды орталыққа айналды.

Сол сияқты өсу қарқынын ескерер болсақ, ауданның қажеттіліктерінің бірі – әлеуметтік нысандар салу. Мысалы, қазіргі оқу жылында 11 мектеп ашамыз, ал оның 4-еуі Нұра ауданында болмақ. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдары 24 мектеп саламыз. Олардың тоғызы Нұра ауданында орналасады, - деп жазды Ж.Қасымбек.

e8a9dd62-fbf9-4349-8b77-9b32b2cf1017.jpg

Сондай-ақ 2029 жылға дейін қалада 15 Оқушылар сарайы салынады. Олардың кейбіріне бассейн салу жоспарда бар. Осылайша, алғашқы бес Оқушылар сарайының құрылысы келесі жылы басталады. Олардың бірі Нұра ауданында орналасады.

Барлық жаңалықтар