00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Байқоңыр ауданының әкімі тұрғындарды қабылдады

29.12.2023 | 04:00
69
Фото: дереккөз

Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді тұрғындарды қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.

Аудан тұрғындары үшін жеке қабылдаулар тұрақты түрде әр аптаның бейсенбі күні өткізіліп келеді. Дегенмен, күнделікті келіп түскен сұрақ аясында, әлеуметтік желілерге жолданған өтініштерге байланысты қабылдау жұмыстары күнделікті жүзеге асырылуда. 

Мен аудан әкімі қызметіне тағайындалған 3 айға жуық уақыт ішінде 14 жеке қабылдау өткізілсе, оған барлығы 98 тұрғын қатысты, сондай-ақ, 39 көшпелі аралау жұмыстары жүргізіліп, оған барлығы 300-ден астам тұрғын қатысты.

Алдағы уақытта да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халыққа құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясындағы тұрақты қабылдаулар мен көшпелі аралау жұмыстары жалғаса береді. Оның аясында маңызды мәселелер тыңдалып, түйткілді сұрақтардың жүйелі шешімі табылатын болады, - деді аудан әкімі.

Барлық жаңалықтар