00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Астаналық жастарға 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беріліп жатыр

24.05.2023 | 16:00
42
Фото: Сұлтан Сейітов

Елордалық жастарға 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беріліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

27 жастағы кәсіпкер Айдана Сәден 3 жылдан бері жеке кәсіппен айналысады. Ол аяқ киімдерді  көрші Қытай мен Түркиядан алдыртады. Мемлекет тарапынан ұсынылған мүмкіндікті естіген бойда бірден өтініш берген. 

24-5.jpg

Мемлекет тарапынан жастарға ұсынылған 2,5 пайызбен 5 миллион теңге сомасында қаражат алып, өз кәсібімді кеңейтуге жұмсадым. Бұл – тамаша мүмкіндік.  Бұл қаражатты 5 жыл ішінде қайтарамын. Кәсіппен айналысатын болмаса ашуды жоспарлап жүрген жастарға мүмкіндікті қолдануға кеңес беремін, - деді елордалық кәсіпкер Айдана Сәден. 

Жастар бағдарлама туралы естігенмен, көбі шартын білмейді. Сондықтан Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы бағдарламаның әрбір тетігін түсіндіру үшін бүгін жастармен кездесу ұйымдастырды. 

Президент халыққа арнаған Жолдауында жастарды қолдау мақсатында конкурстық негізде жас кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беру туралы тапсырма берген болатын. 

Бүгінгі кездесуге Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалының директоры Әсет Көшкінбаев, Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Бақытбек  Қабжанов, «Студенттік құрылыс және жастар отрядтарының республикалық қозғалысы» ҚҚ төрағасының орынбасары Асылбек Абдурашитов және т.б. қатысты. 

24-6.jpg

Микрокредиттер 21 мен 35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерге беріледі. Бастысы, өтініш беруші жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Олар 2,5 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін кредит алады. Несиені 5 жылға дейін өтеуі қажет, - деді Астана қаласы бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жүсіпов.

Кездесу барысында жастарға арналған микрокредиттерден бөлек оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары және «Жасыл ел» жобасына қатысу туралы ақпараттар берілді. 

24-3.jpg

Сондай-ақ «Жастар сарайында» оларды жұмысқа орналастыру үшін бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 

Жастарға арналған мүмкіндікті тиімді пайдалану үшін насихат шаралары өткізіліп тұрады.  

24-4.jpg

Айта кетейік, жастарға арналған микрокредиттерге өтініштер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Астана қаласындағы филиалында қабылданады.

Барлық жаңалықтар