00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанадағы проблемалы тұрғын үйлер маусым айының соңына дейін аяқталады

05.04.2024 | 17:03
Елорда ақпарат
74
Астанадағы проблемалы тұрғын үйлер маусым айының соңына дейін аяқталады
Фото: дереккөз

Астанада ұзаққа созылған тұрғын үйлер құрылысын аяқтау жұмыстары жалғасуда. Мысалы, 2019 жылы қала бойынша 150-ден астам проблемалы үй болса, 2023 жылдың басында ұзаққа созылған үйлердің құрылыс саны 4 087 үлескердің санымен 32-ге дейін қысқарды, деп хабарлады Elorda.info.

Осылайша, 2024 жылға дейін 140-тан астам тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды және үлескерлерге пәтер кілттері берілді.

2024 жылы бұл мәселе толық шешіледі. Тағы 9 нысан бойынша үлескерлерге кілттерді блокпен тапсыру алдағы айларға жоспарланған, яғни проблемалы деп танылған барлық нысан 2024 жылдың бірінші-екінші тоқсанында аяқталады.

Мысалы, ақпан айында «Future home» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің тұрғындары көптен күткен кілттерін алды. Оның құрылысы 11 жыл бойы жүргізілді. Құрылысы 2013 жылы басталған нысан 2017 жылы проблемалы деп танылды. Үлескерлердің саны 200-ге жуық отбасын құрайды.

Үлестік құрылыс нысандарының аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында.

Барлық жаңалықтар