00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада жыл басынан бері 194 есірткі қылмысы тіркелген

09.11.2023 | 07:01
29
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Елордада есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу шаралары туралы Астана қ. ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Еркеш Қалыков брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info

  Спикердің мәліметінше 2023 жылдың 10 айында Астана қаласы Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментіне 194 есірткі қылмысы тіркелді. Елордада 5 есірткі  заттарын жасайтын зертханасының жолы кесілді, оның ішінде 4 фитолаборатория, оларда үй жағдайында түрлі құрылғыларды пайдаланып, синтетиканы жасап шығарумен айналысқан Астана қаласының тұрғындары ұсталды.

Сондай-ақ, Қарағанды ​​облысында бір топ адаммен синтетикалық текті есірткі заттарын өндіру бойынша есірткі зертханасын ұйымдастырған Украина азаматы ұсталды. Жедел тергеу барысында 22 келіден астам синтетикалық есірткі және 2 тоннаға жуық психотроптық заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 264 бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда. «Жедел тергеу барысында Моисеев өз пәтерін нашақорларға есірткі заттарын пайдаланғаны үшін бергені анықталды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 302-бабы бойынша (есірткі тұтыну үшін арналған үй) СДБТ-ға тіркелді. Бұл қылмыстық іс сотқа жолданып, Моисеев 5 жылға бас бостандығынан айырылды»,- дейді Астана қ. ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Еркеш Қалыков.

Анықталған есірткі контрабандасы фактісі бойынша Ресей Федерациясының азаматы жалпы салмағы 300,75 грамм синтетикалық «МДМА-Экстази» есірткі затын асқазанның ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы алып өтпек болған.  Сонымен қатар, заңсыз есірткі өсірудің 5 фактісі тіркелді, құрамында есірткі заттары бар 273 түп өсімдіктер анықталды.

Күн сайын әлеуметтік желілерде «закладчик» ретінде жұмысқа орналасу туралы хабарландырулар, сондай-ақ есірткі сататын интернет-дүкендердің мекен-жайлары көрсетілген граффити суреттерін орналастыру туралы сыни мақалалар жарияланады. Сайтқа кәдімгі іздеу жүйесі (мысалы, Google) арқылы кіруге болады. Есірткі және психотроптық заттардың таралуы туралы ақпаратты қамтитын контентті анықтау үшін интернет кеңістігіне тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. Жыл басынан бері синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 60 сайт анықталып, жабылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1 Есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнамалау бойынша 11 қылмыстық іс қозғалады»,- деді спикер. 

 2023 жылдың есепті кезеңінде 257 профилактикалық іс-шара өткізілді: оның ішінде 24 - акция, 24 - семинар, дәрістер - 70, «дөңгелек үстел» отырыстары - 17, кездесулер  - 40, спорттық шаралар - 34, жарыстар - 3 және басқа да іс-шаралар - 45.Бұқаралық ақпарат құралдарында 388 жарияланым шықты, оның ішінде  28-і теледидарда, 26-сы баспа басылымдарында, 334-і ақпарат агенттіктеріне жолданған. ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес 2023 жылдың 1 маусымы мен 31 қазаны аралығында елордада «Қарасора-2023» кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Операция барысында 515 есірткі қылмысы тіркелсе, оның 113-і қылмыс болса, заңсыз айналымнан 208 келі 326 грамм тәркіленді. Есірткіге қатысты 124 қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды,  оның ішінде: 67-сі аса ауыр және 57- сі ауыр қылмыстар санатына жатады.

Барлық жаңалықтар