00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша кеңес өтті

18.08.2023 | 02:30
43
Фото: дереккөз

Астана қаласы прокурорының орынбасары А.Ермахановтың төрағалық етуімен ведомствоаралық кеңес өтті. Онда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлады Elorda.info.

Кеңес жұмысына Полиция департаментінің, қала әкімдігінің басшылығы қатысты.

Биыл жол-көлік оқиғасының жалпы санының төмендеуіне қарамастан, зардап шеккендердің саны артқаны атап өтілді. 

Жалпы, жол-көлік оқиғасы салдарынан 123 адам зардап шекті, 6 адам қаза тапты.

Прокуратураның үйлестіруімен елорда аумағында «Автомобиль» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді, оның мақсаты – құқық бұзушылықтарды анықтау және жол қозғалысына қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Жедел профилактикалық іс-шарасы кезеңінде жол жүру ережесін 9 397 бұзушылық анықталды.

Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қауіпсіздік белдіктерін пайдалану талаптарын сақтамағаны үшін – 1 234, жүргізушінің телефонын пайдаланғаны үшін – 228, құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарғаны үшін – 214.

Мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін сот шешімімен 43 адам 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Көлік жүргізушілерінен басқа жаяу жүргіншілер арасында заң бұзушылар анықталды. Олардың кінәсінен туындайтын жол-көлік оқиғасының негізгі себептері – белгіленбеген орындарда жолдан өтуі, - делінген Астана қаласы прокуратурасының ақпаратында.   

Жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жол жүру ережесінің талаптарын орындамағаны үшін 2 652 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Айта кетейік, кеңеске қатысушылар елорда үшін ең өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын әзірледі. 

Барлық жаңалықтар