00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада жаңа жыл түнінде қандай іс-шаралар өтеді?

26.12.2023 | 06:30
63
Фото: Оңалхан Өнерхан

31 желтоқсан күні сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін қалалық алаңда, «Қазақ елі» монументі мен ЭКСПО алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін «Жаңа жыл түні» атты жаңажылдық мерекелік концерттер өтеді.

Іс-шараға отандық эстрада жұлдыздары Qanay, Әли Оқапов, Ayree, Маржан Арапбаева, Ильхан Ихсан, Кенжебек Жанәбілов, Диана Исмаил, Аука, Еркеш Хасен, Серік Ибрагимов, Әлішер Кәрімов, «Килиманджаро» тобы, Алмас Кішкенбаев, Бейбіт Қорған және басқа да көптеген әртістер қатысады.

Сағат 23:45-те ЭКСПО алаңынан «Jibek Joly» телеарнасы тікелей эфирге шығады. Тікелей эфирде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңажылдық құттықтауы көрсетіледі және мерекелік бағдарлама болады.

Сонымен қатар, 31 желтоқсанда Астанада жүгіруден жаппай жарыс өтеді. Қатысушылар 2024 метр қашықтықты еңсеруді жоспарлап отыр. Басталуы сағат 21.00-де. Жарысқа қатысуға старт пакеттері 31 желтоқсан сағат 20.30-дан бастап беріледі.

Барлық жаңалықтар