00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада ұрлық жасаған шетел азаматы ұсталды

06.02.2024 | 09:14
41
фото: polisia.kz

Polisia.kz хабарлауынша, ер азамат сауда үйінде жұмыс істейтін дүкен қызметшісінің IPhone XS телефоны мен сымсыз құлаққабын ұрлап кеткен. 

Араға бір-екі күн салып ер адам оң жақ жағалаудағы бизнес орталықтардың біріне келіп, асхана қызметшісінің сөмкесін ұрлап әкеткен. Белгілі болғандай, ұрланған сөмкенің ішінде қолма қол ақша, құжаттары болған. 

«Келтірілген материалдық шығын 240 мың теңге. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  Ер адам Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар