00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада есірткі жарнамалаған 2 жігіт ұсталды

12.02.2024 | 09:41
34
Фото: дереккөзден

Сарыарқа ауданы полициясының қызметкерлері 34 жастағы қала тұрғынынан есірткі заттарын сатуды насихаттайтын 24 дана жапсырма тәркіледі. Сондай-ақ оның тұрғылықты жерін тінту барысында жапсырмалары бар ұнтақтар табылды.  

«Бұдан әрі, 38 жастағы ер адам тұрғылықты жерінен есірткі заттарын өткізуді насихаттайтын 30 дана жапсырма мен «Шам» түріндегі есірткі құралдарын қолдануға арналған құрылғылар табылып, тәркіленді. Полиция қызметкерлері жапсырмаларды одан әрі жарнамалау үшін телеграм-арнасы арқылы сатып алғанын анықтады», - деді ПД баспасөз қызметі. 

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Барлық жаңалықтар