00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада банк есігін сындырып кірмек болған азамат жазаланды

17.04.2024 | 15:35
53
Астанада есікті теуіп сындырған вандалдар жазаланды
Фото: дереккөз

Елордада вандализмнің кез келген жағдайымен белсенді күрес жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары тағы екі құқық бұзушыны анықтап, жазалады, деп хабарлады Elorda.info.

14 сәуір күні таңғы сағат 03:40-та 43 жастағы ер адам мас күйінде Қонаев көшесінде орналасқан банк бөлімшесіне кіретін есіктің әйнегін сындырған. Оның жеке басы анықталып, 20 АЕК айыппұл салынды.

Тағы бір жағдайда, 11 сәуірде таңғы сағат 6 шамасында 35 жастағы ер адам Бөгенбай батыр даңғылындағы жылы аялдаманың есігін сындырды. Ол да мас болған, 15 тәулікке қамауға алынды, - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері сот бөтеннің мүлкін қасақана сындырғаны, қоғамдық орындарды ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін 100-ге жуық адам жазаланды. Олардың бәрі жауапқа тартылды.

Айта кетейік, Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, ҮЕҰ өкілдері, қала тұрғындары қолдаған «Тоқта, вандал» акциясы жүріп жатыр. Акция аясында қалада күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі. Тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау және қала мүлкіне ұқыпты қарау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Барлық жаңалықтар