00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада алименттік қарызы бар адамдарға тиесілі 10 көлік айып тұрағына жеткізілді

16.03.2024 | 09:30
57
Фото: дереккөз

Іс-шараны Әділет департаменті, Астана қаласы бойынша жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы және Астана қаласы Полиция департаменті бірлесе ұйымдастырып отыр. 

Аталған рейдтік шара барысында, 04 наурыз бен 14 наурыз аралығында алимент бойынша берешегі бар борышкерлердің автокөліктерін айып тұрағына қою бойынша шаралар қабылданды.  Нәтижесінде жалпы сомасы 23 075 219 теңге алимент берешектері бар борышкерлердің 10 автокөлігі айып тұрағына қойылды.

Әрі қарай жеке сот орындаушылары аталған автокөліктерді бағалау, сауда-саттыққа шығару жұмыстарын жүргізетін болады.

2024 жылдың басынан бастап Әділет депатартаментінің мемлекеттік сот орындаушыларының әкімшілік хаттамалар негізінде Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен алимент санаттары бойынша 38 борышкер ҚР ӘҚБтК 669-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 8 борышкер 2-ден 5 тәулікке дейін қамауға алынды, қалғандарына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен алимент төлемдерінен  қасақана жалтарған 2 борышкер ҚР ҚК 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - делінген құзырлы орындар ұсынған хабарламада.

Сонымен қатар, Астана қаласының Әділет департаментімен Астана қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен және «Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-мен бірлесіп «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізуде. Мұндай іс-шаралар алимент төлемдері бойынша борышкерлерді белсенді әлеуметтік өмірге тартуға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. 

Барлық жаңалықтар