00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада «Абыл мен Қабыл» романының таныстырылымы өтті

17.04.2024 | 21:02
59
Астанада «Абыл мен Қабыл» романының таныстырылымы өтті
Фото: автор

Бүгін «Astana Eurasian Book Fair-2024» VII халықаралық кітап-жәрмеңкесі аясында жазушы Мақсат Мәліктің «Абыл мен Қабыл» романының тұсаукесері өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Роман Қазақстан Жазушылар одағы мен «BELES» құрылыс компаниясы ұйымдастырған «Жас қалам – жаңа роман» жобасымен аз уақытта жазылды.

ЭКСПО Конгресс орталығында өткен кітаптың тұсаукесеріне ақын-жазушылар және кітапсүйер қауым қатысты.

Жастар арасында жаңашылдығымен танылған автор Мақсат Мәліктің «Абыл мен Қабыл» романы төрт бөлімнен тұрады. Шығармада сиам егіздерінің 33 жылдық ғұмырын жан-жақты талдап жазған.

«Абыл мен Қабыл» – сиам егіздері туралы роман. Негізі, «Абыл мен Қабыл» деген аңызды көбіміз жақсы білеміз. Бірақ шығарманы тікелей осы аңыздың негізінде жазылған деуге келмейді, дегенмен кон­текс­тері де бар. Кітапта сиам егіздерінің бір күндік оқиғасы төрт бөлімнен тұрады: таң­сәрі, талтүс, кешқұрым және түн қараң­ғысы. Бір күннің оқиғасы арқылы үш-төрт линияда сиам егіздерінің отыз үш жылдық ғұмыры бейнеленеді. Одан өзге шығармада түр­лі психологиялық қақтығыстар бар. Мұ­ның барлығын оқырман кітапты қолына алып оқығаннан кейін өзінше түйіндей жатар. Шығармадан екеудің арасындағы психологиялық айқастың соңында кім жеңеді, адамның миссиясы қандай деген секілді көптеген сауалға жауап іздеуге болады, – дейді роман авторы М.Мәлік.

Айта кетейік, іс-шара соңында жазушы оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.

Барлық жаңалықтар