00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада 11 жылға созылған тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды

05.02.2024 | 13:25
57
Фото: Ж.Қасымбектің Instagram парақшасынан

Құрылысы 11 жылға созылған тағы бір нысанды аяқтадық. «Future home» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы 2013 жылы басталған. Нысанның өзі 2017 жылы проблемалы деп танылды. Үлескерлер саны 200-ге жуық отбасыны құрайды. 

Нысанды ЕҚК-ге өткізу кезінде 4 және 7 қабаттары ғана салынған. Бұл үйді аяқтау үшін көптеген жүйелі жұмыстар, оның ішінде инженерлік желілер бойынша да жұмыстар жүргізілді. Бүгін төрт блоктың тұрғындарына пәтер кілті табысталды. Ал бесінші блоктың үлескерлері жақын арада баспаналы болады, - деді Ж.Қасымбек. 

426214861_1263528811716940_3693436965298010102_n.jpg

Қала әкімінің сөзінше, осыған дейін мемлекет қолдауының арқасында құрылысы ұзаққа созылған 140-тан астам тұрғын үй кешені аяқталған. Осылайша 15,5 мыңға жуық үлескер отбасының проблемасы шешілді. 

426168515_1263528858383602_955996049420313214_n.jpg

Биылға құрылысы ұзаққа созылған 10 үй қалады. Оларды осы жылдың 1-2 тоқсанында аяқтаймыз. Әрбір нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар. 

Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында, - деді елорда әкімі.

Барлық жаңалықтар