00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Астана әуежайы халықаралық сертификатқа ие болды

14.03.2024 | 11:46
36
Фото: дереккөз

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) аудиторлары былтыр әуежайда жерүсті қызмет көрсету процедураларын тексерді. Қауымдастық берген сертификат әуежайдың қауіпсіздік, жерүсті қызмет көрсету бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін көрсетті.

Халықаралық аудит былтыр 2-6 қазан аралығында жүргізілді. Онда елорда әуежайы авиакомпаниялар мен жолаушыларға қызмет көрсетудің 6 бөлімі бойынша тексерістен өтті. Олар ORM  (ұйымдастыру және басқару); LOD (жүктеуге бақылау); PAB (жолаушылар мен багажға қызмет көрсету); HDL (жердегі әуе кемесіне қызмет көрсету); AGM (әуе кемесінің жердегі қозғалысы) және CGM (жүк пен поштаға қызмет көрсету). Аудит талаптары 277 пункттен тұрды, әуежай барлық пункт бойынша ола "өте жақсы" деген баға алды, - делінген Көлік министрлігінің ақпаратында.

Аудитке Астана халықаралық әуежайының сапаны бақылау бөлімі, әуе кемесіне сервистік қызмет көрсету бөлімшесі, тасымалдауды ұйымдастыру қызметі, жерүсті көлік бөлімшесі, перрондағы тасымалдаушылар бөлімшесі, ұшу қауіпсіздігі инспекциясы, авиациялық қауіпсіздік қызметі, ұшу кезіндегі  өртке қарсы және авариялық-құтқаруды қамтамасыз ету қызметі, оқу орталығы және басқалар қатысты.

ISAGO аудитінің сертификаты әуежайдағы жерүсті қызмет көрсетудің жоғары деңгейін, жазатайым оқиғалардың алдын алу, қызмет көрсету сапасын қамтамасыз етудің жоғары деңгейде екенін айғақтайды.

Барлық жаңалықтар