00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Астана халықаралық әуежайы уақытша жабылады

27.05.2023 | 13:40
26
Фото: дереккөз

Елордалық әуежай жұмыс уақытында ұшу-қону жолағының жабылу күндерін жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Астана халықаралық әуежайының қызметкерлері ұшу-қону жолағын резеңке қалдығынан тазартады. Жұмыстар азаматтық авиациядағы әуеайлақты қамтамасыз ету қағидалары шеңберінде орындалатын болады.

Ережеге сәйкес, әуеайлақ қызметінің мамандары жылына екі рет ұшу-қону жолағындағы резеңке қалдықтарын алып тастауға міндетті. Мұндай жұмыстарды орындау ҰҚЖ-ны кем дегенде 4 сағатқа жабуды талап етеді.

Сондай-ақ ұшу-қону ең аз орындалатын күндер алдын ала анықталды. Бұл 31 мамыр мен 7 маусым күндері сағат 13:20-дан 17:20-ға дейінгі уақыт.

Айтпақшы, резеңке қабаттарын кетіру жұмыстары арнайы сұйықтық пен щетка арқылы жүзеге асырылады. Резеңке қабаттарын алып тастау әуежайларда жоспарлы жұмыстар және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орындалады.

Барлық жаңалықтар