00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

«Астана ақшамы» газетінің журналистері оқушыларға шеберлік сағатын өткізді

28.09.2023 | 09:14
25
Фото: Сұлтан Сейіт

Бүгін «Elorda Aqparat» медиахолдингі ұжымы «Мектеп және медиасауаттылық» жобасы аясында Астанадағы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясына барды, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласының Білім басқармасының қолдауымен өткен басқосу еркін форматта өрбіді.

Медиахолдинг басшысы Олжас Сыдықбек жобаның мақсаты мен маңызы туралы түсіндіріп өтті.

Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар қар­қынды дамып, ақпарат алу мен тарату жылдамдығы артты. Қазір кез келген гаджет – смартфон мен планшет ұстаған адам ақпарат таратуға мүмкіндігі бар. Әрі әлеуметтік желінің белсенділері мұндай мүмкіндікті сәтті пайдаланып жүр. Алайда ақпаратты сенімді дерек көздерінен алып, оны өңдеп, сапалы тауарға айналдыру жағынан кемшіліктер жоқ емес. Сондықтан «ақпараттық сауаттылық», «ақпараттық мәдениет», «медиамәдениет» сияқты ұғымдар пайда болып, медиабілімді болуды талап етуде. 

ХХ ғасырдың 80-90 жылдары Еуропа елдері – Финляндияда, Норвегияда, Венгрия және АҚШ, Канада білім беру жүйесінде медиабілім міндетті пән ретінде енгізді. Сөйтіп, жасөспірімдер мен жастарды ақпараттық тасқынға иммунитетін қалыптастырды. Біздің мақсатымыз – оқушыларға осының мән-жайын түсіндіру, - деді О.Сыдықбек.

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары Ғалым Қожабеков білім беру жүйесінде цифрлы білімді меңгеру арқылы адами капиталдың сапасын арттыруға болатынын, ол үшін медиасауатты болу маңызды екенін сөз етті. Сондай-ақ журналист Гүлбаршын Өкешқызы, Нұрлат Байгенже және мобилограф Гүлжан Уалиева өз тәжірибелерімен бөлісті.

164e6a3a-8735-41ed-9a69-a017f2d2639d.jpg

Кездесу соңында оқушылар медиа саланың өкілдеріне сұрақтарын қойды. Сондай-ақ оқушылар өздерінің толғандыратын ой-тұжырымдарын ортаға салып, шығармашыл тұлғаға қажетті қабілет-қасиеттер туралы білді. Дәстүрлі медианың бүгіні мен ертеңі туралы ойларын жеткізіп, әлеуметтік желіде оқылымды жазба, көрілімді видео түсірудің сырын сұрады.

16d37ac2-f89e-4d84-879d-d7f434671da3.jpg

Барлық жаңалықтар