00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Алматы әкімі тұрғындарды қабылдады

30.11.2023 | 04:30
57
Фото: видеодан скрин

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Алматы ауданы тұрғындарын қабылдау бойынша Ашық есік күні өтті, деп хабарлады Elorda.info

Іс-шараға келген 50-ден астам тұрғынды аудан әкімі Мақсат Саматұлы және аудан прокуроры Маратбек Мирзамуратов жеке қабылдады.

Сондай-ақ, келушілер өз сұрақтарына аудан әкімінің орынбасарларынан және қалалық басқармалардың, құқық қорғау органдарының, коммуналдық қызметтердің өкілдерінен жауап алды.

Айта кетейік, мұндай алаң әрбір тұрғында туындайтын мәселелерді шешу немесе өзге де құқықтық және әлеуметтік көмек алу үшін алдын ала жазылусыз жүгініп, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығын, қолжетімділігін, сапасын қамтамасыз етуге арналған.

Барлық жаңалықтар