00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елорданың Жұмыспен қамту орталығына қанша жұмыссыз тіркелген

31.03.2023 | 23:04
Елорда ақпарат
35

2023 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 457,6 мың жұмыссыз азамат бар. Өкінішке қарай, бұл көрсеткіш уақыт санап өсіп отыр, деп хабарлады Elorda.info

Елордадағы Халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы Бағила Орымбетова еліміздің еңбекке жарамды азаматтары түрлі жолмен жұмыс іздейтінін айтады: бірі интернеттегі жарнама арқылы болса, енді бірі таныс арқылы. Дегенмен көпшілік әлі де жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін арнайы мемлекеттік мекемелерге жүгінуді жөн көреді екен.

Бүгінгі таңда елорданың Жұмыспен қамту орталығында 5 173 жұмыс іздеуші тіркелген, оның ішінде 1 029 адам халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін белсенді шараларға қатысуда. Жұмыс іздеген азаматтар www.enbek.kz, www.egov.kz порталдарында немесе «Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы» КММ-де электронды тіркеуден өту арқылы жұмыссыз ретінде тіркеле алады. Бір жұмыс күні ішінде біздің мамандар өтініш берушіге лайықты жұмыс ұсынады. Егер Жұмыспен қамту орталығы осы уақыт ішінде өтініш берушіге лайықты жұмыс таппаса немесе ол ұсынылған бос жұмыс орнынан бас тартса, маман өтініш берушіні жұмыссыз ретінде тіркейді. Он алты жасқа толмаған жастар мен зейнет жасындағы адамдар тіркеуге алынбайды, – дейді Бағила Орымбетова.

Венера БАТАЛОВА

Барлық жаңалықтар