00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Тәуелсіздік және елорда» республикалық ақындар мүшәйрасының қорытынды кеші өтеді

31.03.2023 | 20:58
Елорда ақпарат
31

Жыр додасына өлеңдерді қабылдау бүгін аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.

Айта кетейк, «Elorda Aqparat» медиасеріктестігінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік және елорда» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы жарияланған болатын.Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған жыр сайысының мақсаты – тәу етер тәуелсіздігімізді, тәуелсіздік  тұмары – Астананы  жырлау.

Сондай-ақ, осы айда тәуелсіздік бастауы – Алаш автономиясының құрылғанына 105 жыл толып отыр. Ұйымдастырушылар осы мүшәйра арқылы Алаш қайраткерлерінің еңбегін және Желтоқсан көтерілісіне қатысушылардың ерлігін еске алып, тәуелсіздікке тағзым етуді көздейді. 40 жасқа дейінгі ақындардың өлеңдері сайысқа түсетін мүшәйраға өтініштерді қабылдау аяқталды.

Жыр бәйгесінің қорытындысымен өлеңсүйер қауым 12 желтоқсан күні 16.00-де Музыкалық жас көрермен театрында (Ж.Омаров көшесі, 47Б) өтетін қорытынды кеште таныса алады. Марапаттау рәсімінде елімізге белгілі қаламгерлер қауымы мен өнер жұлдыздары қатысады деп күтілуде. Рухани кештен сіз де қалыс қалмаңыз!

Барлық жаңалықтар