00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Астанада терроризмнің алдын алу бойынша семинар өтті

31.03.2023 | 20:14
Елорда ақпарат
34

Астана қалалық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «№11 мектеп-гимназия» КММ қызметкерлерімен «Терроризм актісі нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша күдікті зат табылған кезде қызметкердің іс-әрекеті» тақырыбында семинар өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін тұрғындардың іс-әрекетіне бағытталған бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасағаны үшін жауапкершіліктің қарастырылғаны туралы жеткізілді.

Бұл ұсынымдардың мақсаты адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға және төтенше жағдайларда алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруға көмектесуге бағытталған.

Барлық жаңалықтар