00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Тәуелсіздік және елорда» республикалық жазба ақындар мүшәйрасы басталды

31.03.2023 | 19:53
Елорда ақпарат
43

«Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» республикалық басылымдарын және Elorda.info сайтын біріктірген «Elorda Aqparat» ЖШС Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік және елорда»  атты жазба ақындардың республикалық  мүшәйрасын  жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Жыр сайысының мақсаты – тәу етер тәуелсіздігімізді,  тәуелсіздік  тұмары – Астананы  жырлау. Алдағы желтоқсан айында тәуелсіздік бастауы – Алаш автономиясының құрылғанына 105 жыл толады. Ұйымдастырушылар осы мүшәйра арқылы Алаш қайраткерлерінің еңбегін және Желтоқсан көтерілісіне қатысушылардың ерлігін еске алып, тәуелсіздікке тағзым етуді көздеп отыр.

Мүшәйраны өткізу тәртібі мен шарттары:

– жыр додасына 40 жасқа дейінгі ақындардың өлеңдері қабылданады;

– әр ақын бұрын еш жерде жарияланбаған екі өлең жолдауы тиіс (біреуі тәуелсіздік немесе Астана туралы, біреуі – еркін тақырыпта);

– марапаттау рәсіміне шақырылатын өзге өңірлердегі ақындардың келіп-кету жолы, жатын орны қатысушының өз есебінен;

Мүшәйраны өткізу мерзімі:

Өлеңдер 5 қараша – 10 желтоқсан аралығында aqsham1990@mail.ru электронды поштасына қабылданады. Жеңімпаз бен жүлдегерлерді белгілі ақындардан құралған комиссия анықтайды. Марапаттау рәсімі 13 желтоқсан күні Астана қаласында өтеді.

Мүшәйрада топ жарған өлеңдер «Астана ақшамы» газетінде жарияланады.

Жүлделер демеушілер есебінен тағайындалады:

Бірінші орын – 500 000 (бес жүз) теңге

Екінші орын (біреу) – 300 000 (үш жүз) теңге

Үшінші орын (екеу) –әрқайсысы 100 000 (жүз) теңгеден.

Барлық жаңалықтар