00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада мас күйінде көлік жүргізген азамат қамауға алынды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 19:41
Елорда ақпарат
42

Елордада мас жүргізуші көлікпен аударылып, басқа көліктерге зақым келтірді, деп хабарлады Elorda.info.

«Polisia.kz» жазуынша, жол-көлік оқиғасының сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазбада түнгі уақытта Volkswagen автокөліктің аялдама маңында қалай соқтығысқанын көруге болады. Аударылу нәтижесінде тұрақта тұрған Kia және Daewoo Nexia автокөліктеріне соқтығысқан.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 28 қазанда сағат 03:30 шамасында Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі Абылай хан даңғылымен Айнакөл көшесі бағытында келе жатып, жол-көлік оқиғасын жасағанын анықтады. Нәтижесінде зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Медициналық куәландыруға сәйкес, 31 жастағы ер адам жеңіл дәрежедегі мас күйінде көлік жүргізген.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімі бойынша тәртіп бұзушы 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 20 тәулікке қамауға алынды.

 

Барлық жаңалықтар