00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Әйгілі опера әншісі, «Грэмми» сыйлығының иегері Суми Чо елордада өнер көрсетеді

31.03.2023 | 16:56
Елорда ақпарат
13

Бүгін астанадағы «Астана Опера» театрында Х мерейтойлық маусым басталады.

Жаңа маусымның ашылуында опера әртістері қазақ, корей және батыс еуропалық шығармаларын орындайды. Олардың қатарында А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсынан «Тойбастар» сахналық көрінісі, Ж.Оффенбахтың «Гофман ертегілері» операсынан Олимпия шумақтары, Ф.Легардың «Күлкі елі» опереттасынан ханзада Су Хонгтың ариясы, «Пуритандықдар» операсынан Рикардоның ариясы және тағы басқа көптеген танымал туындылар бар.

Бүгін Суми Чо «Астана Опера» театры сахнасында қазақстандық Азамат Жылтыркөзов, Медет Шотабаев, Татьяна Вицинская және тағы басқа опера әртістерімен бірге өнер көрсетеді.

Айтулы өнер кешінің хор және оркестр дирижері – қазақстандық маэстро Алан Бөрібаев.

Барлық жаңалықтар