00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада көлікті мас күйінде айдаған жүргізушілер ұсталды

25.02.2023 | 13:12
Елорда ақпарат
34

Іс-шара басталғаннан бері масаң күйде көлік құралын басқарудың 80 фактісі анықталды. Полиция қызметкерлері сағат 06.30 шамасында Майлин көшесі бойында «TOYOTA CAMRY» маркалы автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрғанын байқаған. Медициналық куәландыруға сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежеде масаң күйде болғаны анықталды. 

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары түнгі сағат 00.50 шамасында Тұран даңғылы бойында 36 жастағы «TOYOTA CAMRY» маркалы автокөлігінің жүргізушісін тоқтатқан. Көліктен алкогольдің иісін сезген полицейлер, жүргізушіден медициналық куәландыру өтуін өтінген. Нәтижесінде көлік иесінің орташа дәрежеде масаң күйде болғаны анықталды. 

Медициналық куәландырудан тағы бір елордалық жүргізуші өткен. Нақтырақ айтқанда, сағат 03.40 шамасында Мұхамедханов көшесінің бойында Тұран даңғылынан Айтматов көшесіне қарай бағытта 46 жастағы «Audi» көлігінің жүргізушісі тоқтатылды. Көлік иесі масаң күйде рөлге отырды деген күдікпен медициналық куәландырудан өткен. Нәтижесі бойынша жүргізуші жеңіл дәрежеде масаң күйде болған. 

Сот шешімі бойынша масаң күйде көлік жүргізген жүргізушілер 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды. Автокөліктері коммуналдық тұраққа қойылды.

Жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру мақсатында жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 11 508 ЖҚЕ бұзушылық анықталды, оның ішінде 52 фактісі заңсыз тасымалдаумен айналысқан жүргізушілер. Сонымен қатар, көлік құралдарын басқару кезінде телефонды пайдаланған 307 жүргізуші анықталды, 257 автомобиль әуесқойлары маневр жасау ережелерін бұзған, 61 жүргізуші қарсы жолаққа шыққан болса, 269 жүргізуші жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеген және 315-і бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кеткен. Авариялық жағдай туғызғаны үшін 224 жүргізуші және қауіпсіздік белдігін тақпай көлік құралын басқарғаны үшін 1 940 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Коммуналдық тұраққа 303 автокөлік орналастырылған, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында. 

Барлық жаңалықтар