00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

«Үздік» жобасы: Базар жастарына мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді

«Үздік» жобасы елордада 27 маусымнан бастап іске асырылуда. Жоба аясында сауда орындарында жұмыс істейтін NEET санатындағы жастарға мемлекет тарапынан қарастырылған мүмкіндіктер жайлы мәлімет беріледі.

Біз жоба басталғалы еріктілермен бірлесіп, 14 базарда түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Жалпы қала бойынша 27 сауда орнында жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант беру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, жеңілдікпен несие беру, жастар практикасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, - дейді NEET санатындағы Жастармен жұмыс бөлімінің маманы Жангүл Қамбар.

Айта кетейік, жыл соңында еріктілер тобы жұмыссыз жастар арасында «Үздік шиномонтажшы-2022», «Жыл күзетшісі-2022», «Жыл даяшысы-2022», «Жыл баристасы-2022» және өзге де бағыт бойынша байқау ұйымдастырады.

 

Барлық жаңалықтар