00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Алтай Көлгінов үлескер ретінде алданып қалмас үшін не істеу керек екенін айтты

25.02.2023 | 10:38
Елорда ақпарат
35

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құрылысы ұзаққа созылған нысандардың жұмысын аяқтау бойынша ауқымды жұмыстар жүйелі жүріп жатыр. 150 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің 90-ы аяқталды. 16 мың үлескердің 13 мыңы өздеріне тиесілі пәтерін алды. Қазір қалған 3 мың үлескердің проблемасымен айналысып жатырмыз. Олардың бір бөлігін биыл шешеміз, қалған бөлігін келесі жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Дегенмен мұндай жағдайға душар болған жаңа үлескерлердің де болмауы өте маңызды. Өйткені, қашанда қауіп бар. Алданған үлескер болмау үшін құрылыс жұмысын жүргізетін ұйымның өткен тарихын зерттеу, құжаттарын тексеру қажет. Мемлекет тарапынан құрылыс салушыларға қойылатын талаптар күшейтілді: егер құрылыс салушы нысанды аяқтауға жеткілікті қаражаты болмаса (оның ішінде тұрғын үй кешенінің қаңқасы тұрғызылмаған болса), пәтерлерді сата алмайды. Сондай-ақ ТҚКҚ (тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры) кепілдігі болуы тиіс. Әзірлеушінің банк кепілдігі болуы керек, компанияның жағдайы да тексеріледі. Сондай-ақ әкімдіктің ресми аккаунттарында және БАҚ-та біз құрылыс жұмысын жүргізетін күмәнді ұйымдардың тізімін тұрақты түрде жариялаймыз, – деді Алтай Көлгінов.

Қала әкімі Алтай Көлгінов сондай-ақ құрылысы аяқталған ұзаққа созылған нысанның қандай болғанын айтты: бір жерде тек шұңқыры ғана қазылған, енді бір жерде апатты деп танылғанына қарамастан үйдің қаңқасы көтерілген, қаржылық аудит, жобалау-сметалық құжаттамасы болмаған, бір пәтерді екі-үш адамға сату жағдайы анықталған. Дегенмен құрылысы ұзаққа созылған қалған нысандар бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар.

Барлық жаңалықтар