00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада автокөлік құралдарының экологиялық мониторингі басталды

Мониторингтің басты мақсаты – жанармай, газ, дизель отыны арқылы жүретін автокөліктерден бөлінетін көміртегі тотығы мөлшерін тексеруге бағытталған. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Жанар Бескемпірова аталмыш жоба туралы айтып берді.

Бұл экологиялық бастама автокөлік қозғалысы арқылы атмосфералық ауаға тарап жатқан зиянды заттарды азайтуға негізделген. Пилоттық жоба өткен жылы Алматы қаласында басталды. Ол жақты арнайы зертханалар бар. Елордада алғаш рет болғандықтан тек жылжымалы 2 экологиялық зертхана көлігі жұмыс істейді. Әзірге тек автокөлік иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, - дейді Жанар Елуанқызы.

Бүгінде елордада 4,6 мың көлік құралы тіркелген. Экологиялық жылжымалы зертхана көліктері жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істейді. Зертхана көлігі барлық қажетті жабдықпен, ұйымдастыру техникасы және интернетпен жабдықталған.

Түтіннің құрамында ауа ластаушы түрлі компонентер бар. Біздің еліміздегі арнайы стандарт бойынша тек көміртегі тотығын ғана тексере аламыз. Бас қалада жыл сайын көлік саны артып жатыр. Кейбір жүргізушілер жанармай үнемдеу мақсатында катализатор жүйесін алып тастайды. Сол себепті ауаға зиянды заттар шығуда, – деді Олжас Оралғазынов «Экосервис-с» ЖШС-нің өкілі, әлі жоба басшысының орынбасары.

Зертхана көлігінде арнайы газ талдағыш аппарат, көліктен сынама алу үшін құрылғылар да бар. Жобаның ашылу салтанатында зертхана көлігінің техникалық базасы түсіндіріліп, тәжірибе жүзінде автокөліктен көміртегі тотығын тексеру үшін сынама алынды.

Барлық жаңалықтар