00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Көлгінов ЛРТ жобасы бойынша түскен ұсыныстар жайлы айтты

25.02.2023 | 09:54
Елорда ақпарат
26

Бұл туралы әкім BaigeNews.kz сайтының «2022» жобасындағы сұхбатында айтты.

Ұсынылған жобадан бөлек тағы бірнеше нұсқаларын қарастырдық. Президент тапсырмасына сай тағы бірнеше нұсқаларды қарау тапсырылған еді. Ұсынылған кеңестің бірі – ЛРТ тректерін бөлшектеу. Ол құрылыстың бетондары 200-220 тоннаға жететіні баршаңызға мәлім. Конструкция күрделі. Егер есептесек, бізге 20 млрд теңге қажет болады. Бұл – ЛРТ жобасын бөлшектеп, сол алаңды тазалауға кететін қаражат көлемі. Ол бюджеттегі қаражаттың тиімсіз жұмсалуына әкеледі, - деді қала әкімі.

Қала басшысы келесі нұсқаның урбанистикалық жоба екенін және ол тәжірибе жүзінде қолданылмағанын атап өтті. 

Тағы бір ұсынылған нұсқа – жобаны аялдама не велосипед алаңына я болмаса қоғамдық көлік жүретін алаңға айналдыру. Бұл жоба көп қаражатты қажет етеді, яғни қымбат жоба болмақ. Қоғамдық көлік алаңы ретінде толықтай өзгерте алмаймыз. Өйткені  ЛРТ ұзындығы 22 км екені белгілі. Сондай-ақ біздің климаттық жағдайды ескерер болсақ, біз урбанистикалық жобаны тек жылы айларда ғана қолдана аламыз, - деді ол.

Барлық жаңалықтар