00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада «Жасыл ел» сарбаздары жүгіріп жүріп қоқыс жинады

Астана күніне орай ұйымдастырылған сенбілікке  85-ке жуық қалалық мектеп оқушылары қатысты. Олардың арасында елорда студенттері де бар.

Бүгінгі тазалық іс-шарасы жалпы сенбілік сияқты өтіп жатыр. Бірақ студенттер арасында плоггинг форматын ұйымдастырдық. Олар белгілі бір қашықтыққа жүгіріп жүріп айналасындағы қоқысты жинауы қажет. Бұл әдіс денсаулыққа және қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған,-дейді жоба жетекшісі Асылбек Абдурашитов.

Айта кетейік, биыл «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының XVIІІ еңбек маусымы басталды. Жоба аясында елорда бойынша 1 500-ден астам 14 пен – 29 жас аралығында жастар жұмыспен қамтамасыз етілді. Олар әлеуметтік нысандарды, жалпы білім беретін мекемелер аумағында, саябақтарда, көгалдандыру жұмыстарына жұмылдырылған.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар