00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Жасыл ел» сарбаздары спорт түрлерінен сайысқа түсті

25.02.2023 | 09:25
Елорда ақпарат
25

Турнир аясында футбол, ұзындыққа секіру, plogging, волейбол, баскетбол, қашықтыққа жүгіру және көңілді старт сынды спорт түрлерінен ойындар және арқан тарту, асық ату, гір көтеру және тағы да басқа қазақ ұлттық спорт түрлерінен Жетісу паркінің орталық аумағында жүргізілді.

Айта кетейік, Үкіметтің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысымен «Жасыл ел» бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарлама аясында 2005 жылы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы құрылды. «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері 250 мыңнан астам сарбаз тартылды. Жастар еңбек жасақтарының сарбаздары 44,295 млн ағаш отырғызып, 148 992 га жерді өңдеді.

Биыл Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XVIІІ еңбек маусымы бастау алды. «Жасыл ел» жобасы аясында елорда бойынша 14 пен 29 жас аралығында 1 500-ден астам жас жұмыспен қамтамасыз етілді. Олар аумағындағы әлеуметтік нысандарды, жалпы білім беретін мекемелер аумағында, саябақтарда, «Жасыл белдеуді» көгалдандыру жұмыстарына жұмылдырылған.

Барлық жаңалықтар