00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада «Жасыл ел» еңбек жасақтары жұмыс істеп жатыр

25.02.2023 | 09:07
Елорда ақпарат
18

2020-2021 жылдары "Жасыл ел" отрядтарында 1 200 адамға орын бөлінді, ал биыл бұл сан 1 956-ға дейін өсті, өсім 756 орынды құрады.

Қазіргі уақытта 14-17 жас аралығындағы кәмелетке толмаған еңбек отрядтарының қатысушылары қаланың білім беру мекемелерінің аумағында, ал 18 жастан асқан жастар саябақтарда, скверлерде жұмыс істейді, көгалдандыру мен тазалауға қатысады.

Осы жылдың тағы бір ерекшелігі – қала басшылығының тапсырмасына сәйкес "Жасыл ел" жобасы аясында 14-29 жас аралығындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 500 орын қарастырылған. Оларға форма тегін беріледі, 64 564 теңге мөлшерінде ай сайынғы жалақы төленеді, 6 айға дейін жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі.

"Жасыл ел" жасағына жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарды қабылдау жалғасып жатыр. Жұмыс орны, кестесі, уақыты, шарттары мен ұсыныстары туралы толығырақ @Ns_jastary Instagram аккаунтына жазып, білуге болады.

Барлық жаңалықтар