00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Нұр-Сұлтанда нан қалдықтарынан жасалатын мал азығы өндірісінің жұмысы жолға қойылды

25.02.2023 | 07:47
Елорда ақпарат
16

Аз шығын – көп пайда». Осындай қағидат бойынша елордада тамақ қалдықтарын ұтымды пайдалануға және халықтың қоқыстарын бөлек сақтау бөлігінде экологиялық мәдениет қалыптастыруға бағытталған жоба жүзеге асып жатыр.

«Әлеуметтік жобаларды дамыту аясында Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы елорда аулаларында нан қалдықтарын кәдеге жарату үшін арнайы жасыл түсті бөшкелер орнатты. Жергілікті инвесторларды тарту есебінен қала әкімшілігі елорда аудандарында бөшкелерді орналастыру үшін тиісті орындар белгіледі, онда тұрғындар нан қалдықтарын тастай алады. Жоба кәсіпкерлер мен әкімдіктер арасындағы меморандум негізінде жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда елордада 400-ге жуық бөшке орнатылған. Жақын арада қаланың барлық контейнерлік алаңдарын қамту жоспарланып отыр, олардың бүгінде 5 мыңнан астамы бар. Менің ойымша, бұл – өте перспективалы және қажет жоба. Бұл ретте оны іске асыруға бюджет қаражатының бір тиыны да жұмсалған жоқ», – деп мәлім етті Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының қатты тұрмыстық қалдықтарды реттеу және су бетін тазарту бөлімінің басшысы Айдар Рашид.

 

Барлық жаңалықтар