00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Балаларды оңалту: «Қамқорлық» орталығы қалай жұмыс істейді

25.02.2023 | 07:46
Елорда ақпарат
24

Орталықта қозғалыс дағдыларын дамытатын жаңа технологиялар пайдаланылады, сонымен қатар оңалтудың арнайы техникалық құралдары, тренажерлар, аппараттар мен аппараттық-бағдарламалық кешендер қолданылады. Есту қабілетінің бұзылуын ерте кезеңдерде анықтау үшін «тіркеуге арналған аудиометриялық модуль» орнатылған. Невропатологтар мен реабилитологтардан бөлек, дефектолог, логопед, сурдолог, эрготерапевт және емдік дене шынықтыру нұсқаушылары секілді мамандар да жұмыс істейді.

«Орталық мамандары әр балаға қалпына келтіру емінің жеке бағдарламасын жасайды. Олар балалардағы аурулардың ерекшеліктерін ескереді. Орталықта емдік дене шынықтыру, кинезотерапия, механотерапияның күнделікті жеке сабақтары қарастырылған. Орталыққа келетін балаларда көбінесе жүйке жүйесі аурулары, туабітті ақаулар мен хромосомалық бұзылыстар байқалады», - дейді басқарманың босандыру және ана денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Айгерім Лебаева.

Жыл басынан бері бұл орталыққа 3700-ден астам бала келген.

Орталық Қазақстандағы Балалар жылы аясында ашылды.

Барлық жаңалықтар