00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Нұр-Сұлтан әкімі жаңа тартылыс нүктелері туралы айтты

24.02.2023 | 19:24
Елорда ақпарат
25

«Нұр-Сұлтан – қолайлы қала» мастер-жоспары аясында біз жүйелі негізде аулаларымыз бен қоғамдық кеңістіктерімізді абаттандыруды, қала тұрғындарының уақытын өткізу үшін жаңа тартылыс нүктелерін құруды жалғастырамыз. Жаяу жүру белсенділігін ынталандыру үшін «Demalys Promenade» жаяу жүргіншілер көшелері мен «Театральный» бульвары құрылды. Жаяу жүргіншілердің жаңа көшелерін ұйымдастыру Нұр-Сұлтанның тарихи орталығындағы қоғамдық кеңістікті жандандыруға алып келді және маршрутты қалалық жағалаумен байланыстырды. Сондай-ақ, Есіл өзені жағалауының бойындағы саябақ, «Атырау» көпірінің астында және «Ататүрік» атындағы саябақта скейт-алаңдар салынды», - деді Алтай Көлгінов.

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты насихаттау жөніндегі тапсырмасы аясында биыл Студенттер саябағында «NS street life» көше спортының колизейі орнатылды, Есіл өзенінің жағалауында Триатлон-саябақта бассейндері бар жасанды жағажай салынды. Ол өзенге қарайтын оқшауланған аралда жабдықталған.

Сонымен қатар, елорда әкімі дәрігерлер аллеясының, құтқарушылар саябағының ашылғанын атап өтті. Биыл және өткен жылы 400-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды.

«Өткен жылы елордада алғаш рет баскетбол-футбол алаңдары, үстел теннисіне арналған аймақтар, workout-аймақтар, скейт-аймақ орналасқан көпірасты кеңістіктері пайда болды. Осындай жаңа қоғамдық кеңістікті ашу идеясы спортпен айналысу үшін жағымды атмосфера құру болып табылады. Басымдық – бұқаралық спортты дамыту», - деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Барлық жаңалықтар