00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордада "ENERGY" HCTC құзыреттілік орталығы ашылды

24.02.2023 | 17:09
Елорда ақпарат
42

"Жас маман" жобасының мақсаты – колледждердің материалдық базасын жаңарту және білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу. Осы жобаның аясында халықаралық білім беру бағдарламаларын енгізу, шетелдік серіктестермен бірлесе отырып, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру.

Құзыреттілік орталық – өндірістік үрдіске сай инновациялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Олар келесі кешендерден тұрады:

1. Компьютерлік тренажерлар;

2. Автоматтандырылған оқу курстары;

3. Оқу зертханалары;

4. Электр машиналарының стендтері.

Бұл құзыреттілік орталығының ашылуы – колледж мәртебесін жоғарылатуға, жұмыс беруші серіктестер тарапынан түлектерге деген сұраныстарды арттыруға, білікті кадрларды, сондай-ақ WorldSkills кәсіби шеберлік конкурстарына қатысушыларды жоғары деңгейде даярлауға мүмкіндік береді.

Салтанатты іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының басшылары, ҚР БҒМ өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, "KEGOC" "АЭҮК "АҚ, "Қазақстан темір жолы" ҰК, "Астана-АЭК" АҚ, "Талап" КЕАҚ, "Атамекен" ҰКП, "Электр энергетиктері қауымдастығы", БАҚ өкілдері, колледждің әлеуметтік серіктестері және түлектері қатысты.

Барлық жаңалықтар