00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Зумба, фитнес, каратэ: елорданың қай жерлерінде оларды тегін үйренуге болады

24.02.2023 | 16:09
Елорда ақпарат
38

«Қолжетімді спорт» атты жаңа жоба аясында бұл іс-шаралар елордадағы 6 саябақ пен 2 скверде, апта сайын сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.

“Алтын ала жазылудың қажеті жоқ. Тегін спорт жаттығуларына кез келген тұрғын қатыса алады.  Әр спорт түрінің өз инструкторлары бар, Жоба биылғы желтоқсан айының соңына дейін жалғасады”, – дейді жобаны ұйымдастырушылардың бірі, Нұр-Сұлтан қаласы спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының баспасөз хатшысы Мәдина Айтқалиева.

Сонымен тегін сабақтар мына мекенжайлар бойынша өтеді:

  • Астаналық парк. Жауапты адам: Еділ, тел: +7 775 947 22 79
  • “Жерұйық” паркі. Жауапты адам: Жұмат, тел: +7 707 423 86 93 
  • Ботаникалық парк. Жауапты адам: Айым, тел: +7 708 312 55 02
  • Жетісу паркі. Жауапты адам: Бекзат, тел: +7 775 514 22 06
  • Триатлон паркі. Жауапты адам: Ризабек, тел: +7 707 977 99 70
  • Көктал паркі. Жауапты адам: Ерлан, тел: +7 701 909 66 77
  • Оқушылар сарайы (Арбат). Жауапты адам: Ержан, тел: +7 775 610 09 14
  • ЕҰУ жанындағы көпір асты. Жауапты адам: Дарын, тел: + 747 054 59 00

Естеріңізге сала кетейік, жобаның салтанатты ашылуы өткен демалыс күндері Астаналық саябақта «World Class Green» фитнес-орталығының фитнес-нұсқаушылары мен «Azimuth» спорт клубы спортшыларының көрсетілімдері өтті. Сонымен қатар, саябаққа келген демалушылар арасында асық ату ойыны бойынша жаттығулар өткізілді.

Жоба туралы толық ақпарат алу үшін Instagram әлеуметтік желісіндегі @Dostupnyi_sportkz парақшасына кіруге болады.

 

 

Барлық жаңалықтар