00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Оқушылар арасындағы әлем чемпионатында астаналық шахматшылар жүлдегер атанды

09.08.2023 | 14:00
88
Фото: Шахмат федерациясынан

Ақтау қаласында шахматтан мектеп командалары арасында өткен алғашқы әлем чемпионаты аяқталды. Оған әлемнің 53 елінен 400-ден астам оқушы қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

2 жас санатында өткен халықаралық бәсекеде Мадагаскар, Зимбабве, Ботсвана, Замбия, Лесото, Перу, Венесуэла т.б. сынды мемлекеттердің жас шахматшылары бақ сынады.   

Жарыс барысында әр шахматшыға 45 минут + әр қадамға 10 секунд уақыт берілді. Мектеп жеңімпаздары айналмалы 8 турдың қорытындысы бойынша анықталды.

12 жасқа дейінгі шахматшылардың бәсекесінде 27 мектеп күш сынасты. Оның ішінде еліміздің атынан 5 мектеп бақ сынап, Астанадағы физика және математика мектебі (Аланбек Жайназаров, Әмір Жүкенов, Мирас Хасенов, Айсұлтан Анетов) жүлделі 3-орыннан көрінді.

1-орын. Үндістан (Velammal Mogappair) – 16 ұпай;

2-орын. Украина (Львов академиялық гимназиясы) – 12 ұпай;

3-орын. Астанадағы физика және математика мектебі – 10 ұпай;

4-орын. Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі – 10 ұпай;

5-орын. Өмірбек Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі – 10 ұпай;

10-орын. Н. Марабаев атындағы №7 лицей – 8 ұпай.

Айта кетейік, мамыр айында Астанада өткен іріктеу кезеңінде физика және математика мектебінің шәкірттері қола жүлде алған болатын. 

Ал 18 жасқа дейінгілер арасында Алматыдағы физика және математика мектебі жүлделі күміс жүлдеге (Эдгар Мамедов, Иманғали Ақылбай, Әмір Иген, Зарина Нұрғалиева, Әлихан Дәулет) ие болды. Бұл санатта 43 мектеп жүлдеге таласты.

1-орын. Түркия (Istanbul ENKA High School) – 16 ұпай;

2-орын. Қазақстан (Алматыдағы РФМШ/ФизМат) – 12 ұпай;

3-орын. Үндістан (Velammal, Chennai) – 12 ұпай;

5-орын. Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей – 11 ұпай;

15-орын. BIL Атырау – 9 ұпай;

21-орын. NIS Алматы – 8 ұпай; 

30-орын. IT мектеп-лицейі – 7 ұпай.

Мектеп оқушылары, шахмат әуесқойлары қатысқан әлем чемпионатында Қазақстан атынан еліміздің алты қаласынан 10 мектеп өнер көрсетті.

Барлық жаңалықтар