00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордалық полицейлер мен еріктілер марапатталды (ФОТО)

12.05.2023 | 13:00
47

Астана қаласы ПД-нің бастығы Марат Төлебаев полиция қызметкерлері мен еріктілерді марапаттады, деп хабарлады Elorda.info.

Петропавл қаласында өткен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары арасындағы қазақ күресі бойынша «Динамо» спорт қоғамының спартакиадасында +100 келі салмақ дәрежесінде аға инспектор Олжас Шынкеев 1-орынды жеңіп алды.

Ал Қарағандыда барлық күш спорт түрі бойынша өткен Азия чемпионатында полиция майоры Ерболат Құнанбаев стритлифтингтен және эскалибурден алтын медальді жеңіп алды. Азия чемпионатында рота командирінің орынбасарына спорт шебері атағы берілді, сондай-ақ, ол 75 келі салмақта Еуропа және Азия рекордтарын орнатты.

WhatsApp Image 2023-05-11 at 19.20.33 (1).jpeg

Сондай-ақ, еріктілер Дамир Салимов, Елдос Ермағамбетов және Әнуар Ахметов із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге атсалысқан белсенді азаматтықтары үшін алғыс хаттармен марапатталды. Тәртіп сақшылары мен еріктілер арасында тығыз ынтымақтастық орнаған. 

WhatsApp Image 2023-05-11 at 19.20.33 (2).jpeg

WhatsApp Image 2023-05-11 at 19.20.34 (1).jpeg

WhatsApp Image 2023-05-11 at 19.20.34.jpeg

Еріктілер полицияға із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге көмектесуде.

Барлық жаңалықтар