00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордалық бишілер халықаралық турнирде төрт медаль иеленді

07.08.2023 | 08:00
64
Фото: дереккөз

Астаналық парабишілер халықаралық лицензиялық турнирде 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Токио қаласында арбамен билеуден халықаралық лицензиялық жарысқа 18 елдің спортшылары қатысты. Ел намысын Ардақ Отарбаев, Севда Әлиева, Айдана Бегленова қорғады. Жарыс нәтижесі бойынша Ардақ Отарбаев пен Севда Әлиева – DUO FREESTYLE CLASS 1 би санаты бойынша 1-орын, DUO STANDART CLASS 1 санатынан 2-орын алды.

Ардақ Отарбаев пен Айдана Бегленова COMBI LATIN CLASS 1 би санатынан қола жүлдені иеленді.

Ардақ Отарбаев – MAN FREESTYLE CLASS 1 санатынан 3-орынды иеленді.

Айта кетейік, аталмыш жарыс арбамен билеуден әлем чемпионаты алдындағы лицензиялық жарыс болып есептеледі.

Барлық жаңалықтар