00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астаналықтар пластик бөтелкелер үшін бағалы сыйлықтар ұтып алады

01.07.2023 | 20:30
48
Фото: epositphotos.com

Жинау орындары EXPO дөңгелек алаңында орнатылады. Барлық қатысушылар телефон нөмірі бойынша тіркеледі жəне 6 шілде сағат 13:00-де «Gul Astana» @funk.agency ресми парақшасында тікелей эфирде қорытынды
шығарылады. Жеңімпаздар кездейсоқ таңдалады.
Байқауға қатысушылар арасында эко сыйлықтар ойнатылады. Алғашқы үш жеңімпаз бағалы сыйлықтарға ие болады:
1 орын – Алиса шағын станциясы
2 орын – құлаққаптар
3 орын – power-банк.
Сонымен қатар, жинау орындарында Sagi қолданбасының QR кодтары орнатылады. Тіркелгеннен кейін байқауға қатысушылар мекемелер мен дүкендерде жұмсай алатын бонустар алады. Серіктестер арасында
«Mastercoffee» кондитерлік дүкені, «5А» мейрамханасы, «Tucino» аяқ киім дүкені жəне т.б. бар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың басты мақсаты – пластикпен ластану мəселесіне назар аудару. Əлемде жыл сайын 430 миллион тоннадан астам пластик өндіріледі, оның үштен екісі көп ұзамай қоқысқа айналатын бір күндік тауарлар болып табылады.

Барлық жаңалықтар