00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астаналық ТЖД командасы чемпион атанды

24.07.2023 | 04:00
63
Фото: ТЖД баспасөз қызметінен

Тараз қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан ерлер арасында ХХІХ және әйелдер арасындағы ХІ Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтті, деп хабарлады Elorda.info

Чемпионат өрт сөндіру-құтқару спортының 4 түрінен: шабуыл сатысымен оқу мұнарасына көтерілу, кедергілері бар 100 метр жолақты жүгіріп өту, 4*100 өрт сөндіру эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю. 

Жарыс қорытындысы бойынша:

әйелдер құрамасы жауынгерлік қанат жаюдан 26,06 секунд уақытымен 1-орынға ие болды. 

92de7288-3127-4125-b795-90338c7c0956.jpg

Ерлер командасы:

- шабуыл сатысымен оқу мұнарасына көтерілуден 87,90 секунд уақытымен 1-орынға;

- кедергілері бар 100 метр жолақты жүгіріп өтуден 101,54 секунд нәтижесімен 1-орын;

- 4*100 өрт сөндіру эстафетасынан 59,44 секунд уақытымен 1-орынға ие болды 

Айта кетейік, өрт сөндіру-құтқару спортынан жазғы чемпионат қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Астана қаласының ТЖД ерлер командасы чемпион, әйелдер құрамасы күміс жүлдеге ие болып, марапатталды.

Барлық жаңалықтар