00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астаналық спортшылар әлем чемпионатынан олжалы оралды

28.11.2023 | 11:24
45
Фото: дереккөз

Астана халықаралық әуежайында арбамен билеуден өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қарсы алды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әлем чемпионаты 24-26 қараша аралығында Италия елінің Генуя қаласында өтті. 

Елорда намысын Ардақ Отарбаев, Севда Алиева, Айдана Бегленова, Аруа Бехайри қорғады. Арбамен билеуден өткен әлем чемпионаты араға 4 жыл салып өткізілді. Жарыстың алдында бірнеше халықаралық лицензиялық жарыстар ұйымдастырылған болатын.

Спортшыларды туған-туыстары мен достары, жанкүйерлері қарсы алды.

Жарыста 24 елдің спортшылары бақ сынады. Ал ұйымдастыру деңгейі жоғары болды. Бұл әлем чемпионатын 4 жыл күттік. Пандемияның салдарынан әлем чемпионатының өту мерзімі созылып кетті. Бұл жарысқа қатысу үшін көптеген лицензиялық халықаралық жарыстарға қатысып, бақ сынадық, талмай, тыңғылықты дайындалдық. Барлығы жеңіл келді деуге келмес. Спортшылар көп тер төкті, әр жаттығу, әр лицензиялық жарыс бізді әлем чемпионатына жақындатты. Ең бастысы, мақсат айқын болды: жеңіп, әлем чемпионы атану. Мақсат жүзеге асты!

Қазақстанның байрағын биік тұғырдан көрсеткен спортшыларды мақтан тұтамын, - деді арбамен билеуден жаттықтырушы Әлия Түсіпбекова.

Айта кетейік, елордалық құрама жоғары нәтижеге қол жеткізді: 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль иеленді. Ардақ Отарбаев – Single man class 1 классында 3-орынды иеленді. Севда Алиева мен Ардақ Отарбаев – DUO LATIN CLASS 1 классында – 1-орын, DUO FREESTYLE CLASS 1 классында – 1 орын, DUO STANDART CLASS 1 классында – 2-орын иеленді.

Барлық жаңалықтар