00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астаналық балуан белбеу күресінен әлем чемпионы атанды

18.10.2023 | 09:00
66
Фото: дереккөз

Тәжікстанның Худжанд қаласында жастар арасында белбеу күресінен әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Айтулы додада ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен елордалық боз кілем шебері Мәдина Жомартова 52 келі салмақ бойынша, әлем чемпионы атанды. 

Үш күнге созылған бәсекеде 2003-2005 жылы туылған 15 елден келген 250-ге жуық спортшы қатысты. Атап айтсақ, Қазақстан, Өзбекстан, Иран, Египет, Тәжікстан, Түркіменстан, Молдова, Моңғолия, Нигерия, Колумбия, Беларусь, Грузия, Ресей, Украина және Марокко елдері. 

Жарыс еркін және классикалық стильде, ұлдар 8, ал қыздар 3 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша командалық есепте бірінші орында Өзбекстан құрамасы, Түркіменстан спортшылары екінші орынды иеленсе, отандастарымыз үздік үштікті түйіндеді.

Жалпы белбеу күресінен ұлттық құраманың қоржынында 3 алтын медаль, 4 қола және 3 күміс медаль бар.

Барлық жаңалықтар