00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астанада өрт сөндіруші Асқар Забикулин көшесі ашылды

18.10.2023 | 03:30
73
Фото: ашық дереккөз

Құтқарушылар күні қарсаңында Астана қаласы Үркер шағын ауданында өрт сөндіруші, I дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, марқұм Асқар Забикулиннің аты берілген көшенің ашылуы өтті, деп хабарлады Elorda.info

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 19 қаңтардағы шешімімен елордадағы көшелердің біріне ержүрек өрт сөндірушінің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында Асқар Забикулиннің есімі беріліп, естелік тақтайша орнатылған. 

Көшенің ашылуына Асқар Забикулиннің туыстары, жолдасы мен балалары және азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, Астана қаласы ТЖД басшылығы мен жеке құрамы қатысты. Іс-шара барысында Асқар Забикулиннің жақындары, ТЖД қызметкерлері мен ардагерлері ағаш отырғызды.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулин өрт сөндіру кезінде 3 адамның өмірін құтқарып, алған ауыр жарақаттан 20 қараша күні ауруханада көз жұмған болатын. Оның артында жұбайы мен екі баласы қалды.

Барлық жаңалықтар